КІТАПХАНА ТҮНІ: РУХАНИЯТҚА ЖОЛ АШАТЫН МӘДЕНИ КЕШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 сәуір — Ұлттық Кітап күніне орай А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Руханиятқа жол – кітаптан» атты апталық аясында «Кітапхана түні» мәдени-ағартушылық іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындарына ерекше рухани кеш сыйлады.

Бұл шараға қала тұрғындары, жастар, әдебиетсүйер қауым және кітапхана оқырмандары белсенді түрде қатысты.

Кештің басты мақсаты — оқырман мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетті қоғамның рухани дамуының негізгі тірегі ретінде кеңінен насихаттау болды. Сонымен қатар, кітапхана қызметінің заманауи бағыттарын көрсету арқылы оқырмандарды жаңа форматтағы мәдени-танымдық ортаға тарту көзделді.

Жиын барысында кітапхана кеңістігі ерекше мәдени алаңға айналып, келушілер үшін түрлі бағыттағы интерактивті бағдарламалар ұсынылды. Қатысушылар әдебиет әлеміне терең бойлап, шығармашылық атмосфераны сезініп, мазмұнды уақыт өткізді.

Кеш бағдарламасының алғашқы бөлігінде кітап талқылау алаңы ұйымдастырылды. Бұл алаңда оқырмандар сүйікті шығармалары туралы пікір алмасып, әдеби туындылардың мазмұны мен идеялық ерекшеліктерін талқылады. Әдеби пікірталас барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітап оқудың адамның дүниетанымын кеңейтудегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар, жастар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жаңа шығармалар ұсынды.

Мұндай ашық форматтағы диалог әдеби орта қалыптастыруға және оқырман белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Кештің ерекше бөлімдерінің бірі — әдеби квест болды. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, түрлі әдеби тапсырмаларды орындады. Квест барысында кітап кейіпкерлерін табу, шығармалардың авторларын анықтау, логикалық сұрақтарға жауап беру және шығармашылық тапсырмаларды орындау ұсынылды. Бұл танымдық ойын қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, командалық жұмысты нығайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қатысушылардың шығармашылық белсенділігі артып, әдебиетке деген қызығушылығы күшейе түсті. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1206494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді