КӨКСӘЙЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУҚЫМДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2026 жылға жоспарланған жобаларды таныстырды.
 
↪️ Көксәйек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2025 жылы 13 жобаға жалпы 5 млрд 409 млн теңге қаржы қарастырылып, бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, спорт кешені пайдалануға берілді.
 
↪️ Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жаңа тұрғын алаптарына газ желісі тартылып, электр желілерін жүргізу жұмыстары басталды.
 
↪️ Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Көксәйек–Жіңішке» бағытындағы 2,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, елді мекен көшелері жарықтандырылды.
 
↪️ Ауыз су жүйелерін жаңғырту аясында Жіңішке және Алтынбастау елді мекендерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Олжалы» каналын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оң қорытынды алынды.
 
↪️ Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылып, коммуналдық қызметті жақсарту үшін арнайы техника сатып алынды.
 
↪️ 2026 жылға Көксәйек ауылдық округінде бірқатар жобалар жоспарланған. Атап айтқанда, «8-март» аймағына ауыз су құбырын тарту, Төлеби көшесіне тротуар салу және Жіңішке елді мекенінде су бұру жүйелерін орнату көзделуде.
Жалпы, Көксәйек ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
 
✅ Кездесу барысында тұрғындар балалар ойын алаңшаларын орнату, жаңа тұрғын алаптарында үй салған азаматтардың құжаттарын заңдастыру, ауыз су нысандарын қабылдау, газ құбырларын жүргізу, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылған аумақтарға жол белгілерін қою, айыппұлдар туралы ескертулерді жариялау және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.
Ауыз су сапасына қатысты сын-ескертпелер айтылып, емхана жұмысын жақсарту, атап айтқанда, емхана есігін ашу және интернет желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Бұдан бөлек, Жеңіс мектебінің маңына бейнебақылау камерасын орнату және жол кедергілерін жаңарту бойынша ұсыныстар білдірілді.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
 
📌 Кездесу соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы азаматтарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1206336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді