Көлікке артқы есік арқылы кіріп, ұрлап кеткен: ұры Көкшетауда ізін суытпай ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда полицейлер автокөлік ұрлығын жедел ашып, күдіктіні ұстады.
20 сәуірде полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан “Audi 100” маркалы автокөліктің ұрланғаны туралы өтініш келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, 19 сәуір күні кешкісін ол көлігін үйдің ауласына қойып кеткен. Алайда таңертең көлік орнында болмаған.
Полиция қызметкерлерінің анықтамасы бойынша, қаскөй дұрыс жабылмаған артқы есік арқылы кіріп, көлікті ұрлап кеткен. Ұрланған көлікпен қала бойынша жүріп өтіп, кейін бұрын кепілге қалдырылған ұялы телефонды қайтарып алу үшін барған ойын-сауық орындарының бірінің жанында қалдырған.
Қаскөйдің қозғалысын жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркеді.
Дәл осы мекеменің кіреберісінде полиция ұрланған көлікті тауып алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ізін суытпай ұсталды. Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полицейлер автокөлік иелеріне көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият бақылау керектігін ескертеді. Құлыптар немесе есіктердегі сияқты кішігірім ақаулар да қаскүнемдерге көлікке оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұрлыққа қарсы қосымша құрылғыларды, дабылдарды пайдалану, сондай-ақ мүмкіндігінше көліктерді күзетілетін автотұрақтарда немесе жарық жақсы түсетін жерлерде қалдыру ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1206505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді