
Комитет төрағасы «Астана қаласының қорғаныс дамбасын реконструкциялау, су бұру каналымен апатты су тастау құрылғысын салу (түзету)» жобасының іске асырылу барысымен танысты.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының едәуір көлемі орындалғаны атап өтілді.
Жұмыс сапары аясында жобаның ағымдағы жағдайы қаралып, проблемалық мәселелер талқыланып, жұмыстарды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар айқындалды.
Жобаның елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, ең алдымен халық пен инфрақұрылымды су тасқыны қаупінен қорғаудағы стратегиялық маңызы атап өтілді. Осыған байланысты жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жүргізу, белгіленген мерзімдерді сақтау және барлық қажетті ресурстарды жұмылдыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1206267?lang=kk

Жауап қалдыру