
Байланыс операторларының жұмыс тиімділігін және олар көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда шағын операторлардың байланысын дамыту бастамалары қолдау табуда.
2026 жылғы 20 сәуірде «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» КММ мен «Казахские Домашние Сети» ЖШС арасында Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Тараптар жобаны жүзеге асыруға ниетті, оған сәйкес электр беру желілерін пайдалану арқылы әуе тәсілімен кабельдік магистральдар салу қарастырылған. Бұл жеке сектордағы тұрғын үйлерді (5 аудан, 20 ауылдық елді мекен), сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен Қызылорда облысындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кең жолақты интернет желісіне және байланыс қызметтеріне қосуға мүмкіндік береді.
Аталған меморандум аясында «Казахские Домашние Сети» ЖШС өңірдің әрбір ірі елді мекеніне 30 млн теңгеге дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл заманауи телекоммуникациялық кең жолақты қолжетімділікті GPON FTTH технологиясы бойынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1205704?lang=kk

Жауап қалдыру