Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Уәлиханов аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-сессиясы ауданның әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерлерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға өзгерістер енгізу мәселесін қарау мақсатында шақырылды.
Сессия мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Г.Н.Баймағанбетованың төрағалығымен өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитов, аумақтық сайлау комиссия төрағасы Г.Қ.Сағалиева және бөлім басшылары қатысты.
Негізгі мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Д.Т.Олжабаева баяндама жасады. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді бірауыздан мақұлдады.
Сонымен қатар, сессия барысында Уәлиханов ауданы әкімдігінің дербес құрамы келісілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1206452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді