Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.

 

Осыған орай, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов Жаңаөзен қаласы мен ауылдық округтерге іссапармен барды.

 

Іссапардың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ашылған құқықтық кабинеттердің жай-күйімен танысу.

 

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдері және заң саласы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Шара аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, олардың өтініштері тыңдалып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.

 

Осы бастама азаматтардың құқықтық көмекті алу мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халықпен кері байланысын нығайтуға бағытталған. Әділет департаменті құқықтық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдап, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді