Маңғыстау облысында студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысындағы «Болашақ» колледжінде студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу-жиналыс ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызы, заң талаптарын сақтау, есірткі құралдарының зияны, интернет алаяқтықтан қорғану жолдары, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары және жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты мысалдар келтіріліп, тәжірибелік кеңестер берілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл өз кезегінде жастардың құқықтық тақырыптарға деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік деңгейін күшейтуге ықпал етті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, студент жастармен жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1206480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді