
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Зейілбеков Бекзат Пайзуллаұлы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-иснпекторлық бөлімінің бас инспекторы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.
Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржат Атақұлов бас инспекторды аппараттың ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Өзіне бекітілген салалардың дамуын қатаң қадағалауды, ұйымдастыру жұмыстарын белсенді атқаруды тапсырды.
Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол және автомобиль жолдары, құрылыс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық ішкі істер, денсаулық сақтау, ағын су салаларына және Мырзакент кенті мен Достық, Ж.Нұрлыбаев, Иіржар, Еңбекші, Жаңажол ауылдық округтеріне кураторлық жасайтын болады.
Б.Зейілбеков 1992 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша және 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Мақтаарал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінде іс жүргізуші болып бастап, 2014 жылы Мақтаарал ауылдық округінің әкімі аппаратында таспа басушы болып жалғастырған.
2015 жылдан бастап Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2020 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы болып белсенді еңбек етті.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1206333?lang=kk

Жауап қалдыру