
Мемлекеттік кірістер комитеті коллекторлық агенттіктерге қатысты жүргізілген тексеру іс-шараларының қорытындыларын шығарды. Тексеру нәтижелері бойынша келесілер анықталды.
- 7 коллекторлық агенттік бойынша 11,8 млрд. теңге сомасына табыстың асып кетуі анықталды, төленбеген қосылған құн салығының сомасы 128 млн. теңгені құрады, ҚҚС бойынша тіркеуге тұрмағаны үшін 1,6 млрд. теңге мөлшерінде айыппұл есептелді.
- қосымша ұқсас белгілері бар тағы 15 салық төлеуші анықталды, олар бойынша асып кетудің ықтимал көлемі 61,6 млрд. теңгені, ал төленбеген ҚҚС-тың болжамды сомасы 7,4 млрд. теңгені құрайды (тексеру сатысында).
Тексерулер көрсеткендей, жекелеген коллекторлық агенттіктер қалыптасқан табысты қосылған құн салығы салынатын табыс ретінде көрсетпейтін схеманы қолданған.
Механизм келесідей көрінеді. Агенттік банктен берешекті оның номиналдық құнынан төмен бағамен сатып алады, содан кейін борышкерден өндіріп алу жұмыстарын жүргізеді.
Борышкерлерден түскен қаражат кейбір жағдайларда қарызды қайтару ретінде көрсетіліп, ҚҚС-тан босатылған операциялар ретінде есепке алынған. Алайда мұндай операциялардың нақты экономикалық мәні өзгеше.
Сатып алынған берешектің құны мен нақты өндіріп алынған сома арасындағы айырма өндіріп алу қызметінен алынған табыс болып табылады. Дәл осы табыс жекелеген жағдайларда салық салынатын айналымға енгізілмеген.
Осылайша, берешекпен операциялар ретінде көрсетілу арқылы іс жүзінде жалпыға бірдей тәртіппен салық салынуға жататын сыйақы алынған.
Жүргізілген тексерулер бұл тәсілдің жекелеген емес, жүйелі сипатқа ие екенін және салық төлеушілердің кең ауқымы тарапынан қолданылатынын көрсетті.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде салықтан жалтару схемаларын болдырмау және операциялардың экономикалық мәніне сәйкес салық міндеттемелерін дұрыс айқындау үшін қосымша талдау мен тексерулер жүргізуде.
Анықталған салық төлеушілерге (жоғарыда көрсетілген 15) қатысты барлық мән-жайларды анықтау және тиісті салықтық әрекет ету шараларын қабылдау үшін егжей-тегжейлі тексеру жалғасуда.
Мемлекеттік кірістер комитеті атап өтеді, егер операциялар нәтижесінде табыс қалыптасса, ол қандай түрде көрсетілгеніне қарамастан салық салуға жатады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1205804?lang=kk

Жауап қалдыру