
2026 жылғы 21 сәуірде
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Мойынты станциясында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында қоныстану аумақтарының бақылау нүктелерінде, теміржол көлігінің әсер ету аймағында өтіп бара жатқан жылжымалы құрамдардан атмосфералық ауаның ластану деңгейіне мониторинг жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу фактілері анықталған жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1205470?lang=kk

Жауап қалдыру