
Бұл қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Талғат Искарин өңірде өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын, еңбек жағдайларын бақылаудың заманауи тәсілдері мен цифрлық құралдары енгізіліп жатқанын алға тартты.
Кәсіпорындарда қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ жұмыс берушілердің қауіпсіз өндірістік орта құрудағы жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылуда.
Талқылау барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде жалақыны уақытылы төлеу және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын болдырмау және кәсіпорындардағы алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру шаралары қарастырылды.
Облыс әкімі атап өткендей, еңбек қауіпсіздігі мәселелері мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен кешенді әрі жүйелі тәсілді талап етеді.
Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтау, жұмыс орындарын аттестациядан өткізу және кәсіби тәуекелдерді бағалау, өндірістік жарақаттануды тіркеу және талдау жүйелерін енгізу, қауіпті өндірістік нысандардағы бақылауды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі бөлімдерін енгізу және жергілікті деңгейде үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру тапсырылды.
Қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында цифрлық платформалар арқылы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігі деңгейі бойынша рейтингтеу енгізу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1205567?lang=kk

Жауап қалдыру