Отбасын цифрлық карта мәселелері бойынша кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байкадамовнаның төрағалығымен Зеренді ауданында Отбасын цифрлық карта жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты. Онлайн режимде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары қосылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және Отбасын цифрлық карта бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1206443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді