
Облыс әкімінің өкімімен Асылбек Ахметжанов Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Асылбек Амантайұлы 1993 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қазақ технология және бизнес университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. 2026 жылы SDU университетінің магистратурасын аяқтап, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2016 жылы бастаған. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «электрондық үкімет» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «электрондық үкімет» және мемлекеттік қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы болып еңбек етті.
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің цифрландыру және ақпараттандыру департаментінің мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және автоматтандыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2021-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары.
2024-2025 жылдары – өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде департамент директоры.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1205806?lang=kk

Жауап қалдыру