Павлодар оқушылары «KERUEN SCIENCE» олимпиадасында жүлдегер атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында 2026 жылғы 20–22 сәуір аралығында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 7–8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен «KERUEN SCIENCE» республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Үш күнге созылған зияткерлік додада еліміздің барлық өңірінен 176 оқушы бақ сынады. Қатысушылар теориялық білімдерімен қатар зертханалық дағдыларын да жоғары деңгейде көрсетті.

Олимпиаданың басты мақсаты – жаратылыстану пәндеріне қызығушылықты арттыру, олимпиадалық дайындық жүйесін жетілдіру және дарынды оқушылар қорын қалыптастыру.

Павлодар облысының 8 оқушыдан құралған командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 4 медаль жеңіп алды: 1 күміс және 3 қола, сондай-ақ 1 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Ахметова Латифа – химия, 8 сынып, №8 лицей-мектебі

Вишенкова Виолетта – биология, 7 сынып, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты

Кравчук Василиса – химия, 7 сынып, №8 лицей-мектебі

Жингулов Ибрагим – биология, 8 сынып, №1 лицей-мектебі

Базарқұл Аңсар – биология, 8 сынып, «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты (ҚГ)

Жас дарындардың бұл жетістігі – жүйелі дайындықтың, ұстаздар еңбегінің және оқушылардың табандылығының нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1206409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді