Павлодарда ТЖМ қызметкерлері салынып жатқан көпірдегі өртті сөндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Павлодар облысы ТЖД-нің «101» пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде келген сәтте жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғаны анықталды.

          Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайларға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толықтай сөндірді.

          Өрттің одан әрі таралуына және көпір құрылымына жайылуына жол берілмеді. Өрттің себебі анықталуда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1206455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді