ҚАЛА КӨРКІ МЕН ЖАЙЛЫЛЫҒЫ: ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ҮЙДІҢ АУЛАСЫНДАҒЫ БІР КҮН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласында абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Бұл ретте көп қабатты үйлерді басқарып, аулаларын көріктендіріп отырған үй басқарушылардың жұмысы қоғамда аса маңызды саналады.

Мысалы, Әл-Фараби ауданы Рашидов көшесіндегі №25 үйдің ауласы қаладағы ең көрікті ауланың бірінен саналады. Басқарушының жетекшілігімен бұл аула тазалығы, көгалдандырылуы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалғанымен ерекшеленді.

Бұл – үй басқарушысының жауапты жұмысымен қоса тұрғындардың да бірлігі мен белсенділік танытуының нәтижесі.

Үй басқарушысы күн сайын аумақтың тазалығын қадағалайды, қажет жұмысты жүргізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп отырады. Осындай жүйелі еңбектің нәтижесінде аула бүгінгі таңда көпке үлгі болып отыр.

Осы орайда барша тұрғынды өз аулаларын күтіп-ұстауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1206530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді