
Қалалық мәслихат депутаттары И. Басықараев және М.Есжанов тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:
– Тоқмағанбетов көшесі №22 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына кіре берісіндегі 2025 жылы асфальттанған жолдың ойылып қалуы, тұрғын үйдің суағарларының жарылуы және қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі кезінде көше жақ бетіндегі дүкендердің шатырларының тесілуі;
– Тоқмағанбетов көшесі №17, 22 және Өсербаев №19 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан көлікжайларды (гараж) алып тастап, көлік тұрағын кеңейту;
– Тоқмағанбетов көшесі №22 және Өсербаев №19 көпқабатты тұрғын үйлердің ортасында орналасқан кәріз қақпағының (люк) дұрыс жабылмауы (аталған люкке 2 адамның құлап кету жағдайы орын алған).
Депутаттар өз тараптарынан аталған мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, шешілуі бағытында депутаттық сауалдар жолданып, тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1206014?lang=kk

Жауап қалдыру