
Бүгін Алматы қаласында туризм саласындағы ең ірі алаңдардың бірі өз жұмысын бастады. Көрмеге Қарағанды облысы да қатысуда.
Біздің өңір бай туристік әлеуетін таныстырып, қонақтарды Қазақстанның жүрегіндегі ерекше демалыс мүмкіндіктерін ашуға шақырады.
Қарағанды өңірінің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстырып, туризмді дамытудың негізгі бағыттарын, бірегей табиғи нысандарды, мәдени мұраны және перспективалы жобаларды ұсынамыз. KIFT 2026 көрмесіне қатысу Қарағанды өңірінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, оны туристер мен инвесторлар үшін тартымды бағыт ретінде нығайтады.
Біз ұсынамыз:
– туристік бағыттар мен бірегей локациялар
– танымал және жаңа маршруттар
– туроператорлар мен гидтердің ұсыныстары
– туризм саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1206526?lang=kk

Жауап қалдыру