Қазақстанның Пәкістандағы Елшісінің Ұлттық қорғаныс университеті тыңдаушыларымен кездесуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Исламабад, 2026 жылғы 22 Сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафиннің ПИР Ұлттық қорғаныс университетінің шетелдік тыңдаушылар, оның ішінде Қазақстан, Ирак, Нигерия, Сауд Арабиясы және БАӘ-ден өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Елші Орталық Азиядағы ахуал, интеграциялық үдерістер, өңірлік ұйымдар мен құрылымдар, болып жатқан оқиғалар туралы, сондай-ақ Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының басымдықтарына жеке тоқталды.

Е. Қыстафин студенттерді Қазақстан-Пәкістан екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары туралы және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың а. ж. 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары туралы хабарлады.

Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары Елшілікке кездесуді ұйымдастырғаны және өңірдегі ағымдағы жағдайды талқылау мүмкіндігі үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1206491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді