ҚАЖ қызметкері қырағылық танытып, адасып қалған балаға көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚАЖ қызметкері қырағылық танытып, адасып қалған балаға көмек көрсетті

Петропавл қаласында СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №52 мекемесінің қызметкері азаматтық жауапкершілік танытып, қауіпті жағдайға тап болған баланың тағдырына бейжай қарамады.

Демалыс күні қызметтен тыс уақытта әділет лейтенанты Руслан Тимиров Тоқсан би және Алматы көшелерінің қиылысында жолдың жүріс бөлігінде жалғыз тұрған кішкентай қызды байқап қалған.

Жағдайды бағалап, балаға қауіп төнуі мүмкін екенін түсінген қызметкер дереу шара қабылдады. Қыз өзінің адасып қалғанын, тұрғылықты мекенжайын немесе ата-анасы туралы мәліметтерді есіне түсіре алмайтынын айтқан.

Бейжай қалмаған Руслан Тимиров баланы қалалық полиция бөліміне жеткізіп, бірлескен күш-жігермен оның жеке басын анықтау және ата-анасын іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.

— «Менің өзімнің де шамамен осындай жастағы ұлым бар. Мұндай жағдайда бейжай қалу мүмкін емес. Ең бастысы — алдымен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны ата-анасына мүмкіндігінше тез қайтару болды», — деп атап өтті Руслан Тимиров.

Баланың жеке басы анықталып, ата-анасына табысталғаннан кейін ғана қызметкер өз істерін жалғастырды.

Аталған жағдай қызметкерлердің тек қызметтік міндеттерін атқару барысында ғана емес, күнделікті өмірде де қырағылық пен жауапкершілік танытатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1206456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді