
Каратал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
«Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін айыппұл қарастырылған»
Жеке үй аумағын немесе ауыл шаруашылығы жерлерін тазалау олардың иелері үшін елеулі жазаға әкелуі мүмкін. Бұл өрт қауіпсіздігі ережелері мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына байланысты.
Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу – ауылдық жерлерде де, қалалар мен қала маңындағы жеке секторларда да кең таралған тәжірибе. Алайда тұрмыстық қалдықтарды, құрғақ бұтақтарды, жапырақтар мен шөпті осылай жою қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді және қауіп төндіреді. Ал ауыр жағдайларда мұндай әрекеттер орман өрттеріне әкеліп, бірнеше үй мен құрылыстардың жойылуына себеп болуы мүмкін.
Сондықтан қоқыс жағу – құқық бұзушылық болып табылады.
Қоқыс жағу үшін айыппұлдар
Құрғақ шөпті, бұтақтарды немесе басқа да қоқысты жағуға әрекет жасау өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
336-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау
Атмосфералық ауаны қорғау және қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау – айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер құқық бұзушылық салдарынан өрт шығып, адамдарға немесе мүлікке зиян келсе, айыппұл мөлшері ұлғаяды. Ал аса ауыр жағдайларда бұл әрекет қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қоқысты тек арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Олар шөп пен жапырақтардан тазартылған, ең жақын құрылыстардан немесе материалдар сақталған орындардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Қоқысты тек күндізгі уақытта, міндетті бақылаумен және жанында өрт сөндіргіш құралдар (су немесе өрт сөндіргіш) болған жағдайда ғана жағуға болады. Қоқыс толық жанғаннан кейін отты мұқият өшіріп, су құю қажет.Өзіңізді және мүлкіңізді қорғаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1206183?lang=kk

Жауап қалдыру