
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы саласы екенін атап өтіп, егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екенін айқындаған болатын.
Осыған орай, аудан басшысы Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін Рамадан каналынан таралатын Р-4-3 каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстардың сапалы әрі уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда аталған кәсіпорын тарапынан Р-4-3 каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2 арнайы техника, оның ішінде 3/1 және дөңгелекті экскаваторлар жұмылдырылып, жалпы ұзындығы 7,5 шақырым канал тазартылды.
Айта кетсек ,жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Алғабас елді мекені егістік жерлері ағын сумен қамтылатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1206255?lang=kk

Жауап қалдыру