СЕРБИЯДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
FIDE World Cadet & Youth Rapid & Blitz Championships 2026 халықаралық турнирі Врнячка-Баня қаласында өз мәресіне жетті.
8–18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатына 40 елден 400-ден астам шахматшы қатысып, 6 жас санаты бойынша (Open және Girls) бақ сынады.
Аталған дүбірлі додада қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Соның ішінде Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының шахматшысы Нұрислам Сұлтанхан рапид бағыты бойынша күміс жүлдеге ие болып, әлем чемпионатының вице-чемпионы атанды.
Жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1205260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді