Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Мобильді прокурор: Азамат» мобильді қосымшасы енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Мобильді прокурор: Азамат» мобильді қосымшасы енгізілді.

Енді әрбір кәсіпкер құқық бұзушылық фактілері туралы нақты уақыт режимінде хабарлап, уәкілетті органдарға жедел түрде өтініш жолдай алады. Бұл – кері байланысты жедел орнатып, туындаған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.

Қосымша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей өзара іс-қимыл арнасы ретінде өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Кәсіпкерлерді өз құқықтарын қорғау және өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру үшін осы сервисті белсенді пайдалануға шақырамыз.

📲 Қосымшаны жүктеу:
https://apps.apple.com/app/id6711338196

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1206249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді