
Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді 23 сәуір күні өтетін өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз.
Жәрмеңке аясында қала аумағындағы 50-ден астам мемлекеттік мекеме және жеке жұмыс берушілер 3 мыңнан аса бос жұмыс орнын ұсынады.
Сонымен қатар, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар ерікті қоныс аудару мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат ұсынады.
Жәрмеңкеде тұрғындарға жұмыспен қамту шаралары, соның ішінде қайтарымсыз гранттар, кәсіптік білім алу және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу жолдары жөнінде кеңестер беріледі.
Өзіңізге лайықты жұмыс табуға арналған жәрмеңкеге келіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз!
Жәрмеңкенің уақыты: 23 сәуір, сағат 10:00-де.
Өтетін орны: Назарбаева даңғылы, 12, «Көрме» орталығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1206534?lang=kk

Жауап қалдыру