СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың суға кету оқиғаларының алдын алу мақсатында су айдындарында кешенді тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік шарасын қадағалау барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев қала аумағындағы бірқатар су нысандарын арнайы аралап, олардың қауіпсіздік жағдайымен танысты.
Атап айтқанда, Ескек есу арнасы, Арыс–Түркістан каналы, Қарашық өзені және Дендро саябағындағы жасанды көл тексеріліп, аталған аумақтардағы қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі зерделенді.
Тексеру нәтижесінде жауапты сала мамандарына су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын күшейту, ескерту белгілерін орнату, құтқару құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша нақты жұмыс жоспары бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1206517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді