«Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен және Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп азаматтарға арналған «Тегін заң көмегі» акциясын ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. 

 

Шараға Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының м.а. А.А.Досмаганбетов, Маңғыстау облысының әкімдігінің мамандары, сондай-ақ заң қауымдастығы өкілдері қатысты.

 

Акция барысында азаматтарға әртүрлі құқық салалары бойынша тегін кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына нақты құқықтық түсіндірмелер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді