Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша республикалық штабтық оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 сәуір күні Алматы қаласында терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша республикалық штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын пысықтау және лаңкестік қатерлерге қарсы тұру әзірлігін арттыру болды.

 

Аталған оқу-жаттығуға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тарапынан азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелеріне жауапты қызметкер Гүлзада Нұрқасымқызы Сейітбай және аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезды бақылау бөлімінің басшысы Жайдаркул Аскановна Отарбекова жұмылдырылды.

 

Сонымен қатар, лаңкестікке қарсы жедел штабтың күштері мен құралдарының есеп кестесіне сәйкес, жедел топтардың басшылары мен олардың орынбасарлары, дублерлері және жеке құрамдары белсенді түрде қатысты.

 

Оқу-жаттығу барысында түрлі сценарийлер пысықталып, қызметтердің үйлесімді әрекеті, ақпарат алмасу тетіктері және төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері іс жүзінде тексерілді.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргізілді.

 

Мұндай оқу-жаттығулар мемлекеттік органдардың кәсіби дайындығын арттыруға және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1206171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді