Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 сәуір күні Қарауылкелді ауылында аудан әкімі А. Купеновтың төрағалығымен аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

🔹Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңінде табиғи өрттердің алдын алу және суға шомылу маусымына дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар қысқы және су тасқыны кезеңдерінің қорытындылары шығарылып, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары сараланды.

🔹Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аясында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы бойынша 2026 жылға жоспарланған өрт сөндіру бекеттерін құру және олардың құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы қарастырылды.

🔹Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1205922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді