
Түркістан қаласында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың эстетикалық келбетін жақсарту және түнгі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи жарықтандыру жүйелері кезең-кезеңімен іске қосылуда.
Жалпы 107 көпқабатты тұрғын үйдің сыртын жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 30-дан астам үйде қосылған.
Жарықтандыру жұмыстары қала инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталып, көшелер мен ғимараттардың сәулеттік бейнесін айқындап, түнгі уақытта қаланың көркін ерекше аша түспек.
Жаңа LED шамдар мен энергия үнемдейтін жарық көздері арқылы тұрғын аулалар, көпқабатты үйлердің маңы және кәсіпкерлік нысандар аумақтары толық қамтылуда. Нәтижесінде, қалада қауіпсіз қозғалыс жағдайы күшейіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне және бизнестің тартымдылығына қолайлы орта қалыптасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1205760?lang=kk

Жауап қалдыру