ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 2500 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІ ЖАҢАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген.
Түркістан облысында жоба аясында 2019-2025 жылдары 136,5 млрд теңгеге 1 570 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, 1 404 – инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2 421,3 шақырым ішкі көшелер орташа жөндеуден өтті, 38 елді мекен газбен қамтылды, 6 елді мекенде су жүйелерінің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді, 49 елді мекен сапалы электрмен қамтылып, жылу жүйелері қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, 166 әлеуметтік нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Мәселен, 25 мәдениет үйі салынып, 16 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, 22 спорт кешені салынды, 3 спорт ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 1 стадион қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, 65 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 13 мектепке қосымша ғимараттар салынды, 13 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, 8 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде 373 елді мекен тұрғындарының (1 млн астам халық) өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды. Жобаларды жүзеге асыру барысында 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Жалпы 7 жыл ішінде Түркістан облысында 260 әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынып, 2 421 шақырым жол жөнделді. Бұл – бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасының жақсаруы, жастардың ауылда қалуына, жұмыссыздық деңгейін азайтуға, салықтық түсімдердің көбеюіне, кәсіпкерлікті дамытуға жасалған жағдай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1206539?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді