ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
🔰Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде.
🔰Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады.
🔰Жоба толық сәуір айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушы ұйымдар тарапынан тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1206215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді