ТҮРКІСТАНДА 600 ЖҰМЫС ОРНЫН ҚАМТИТЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Түркістан қаласының «Бекзат» шағынауданында 20 гектар аумақта өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы 26 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Құны 7,6 млрд теңгені құрайтын жоба 3 кезеңмен іске асуда. Қазіргі таңда алғашқы 5 нысанның құрылысы толық аяқталып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
▪️Өндірістік аймақта жол құрылысы жүргізіліп, жақын күндері асфальт төсеу басталады. Нысандарды осы жылы 15 мамырға дейін пайдалануға беру жоспарланған.
▪️Өндірістік ғимараттарда жалпы құны 11,8 млрд теңге болатын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олар заманауи өлшеу құрылғыларын, құрылыс панельдерін, битум материалдарын, сондай-ақ аккумуляторлар мен электронды схемаларды өндіруге бағытталған. Нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
▪️Қазіргі уақытта инвесторлармен келісімдер жасалып, жобаларды өндірістік алаңдарға орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1206538?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді