
Түркістан қаласының білім бөлімі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және тәрбиелік жұмыстарды күшейту мақсатында «Патриоттық фильмдер көрсету» онкүндігі аясында бірқатар іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруда.
Аталған бастама аясында А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі базасында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға патриоттық мазмұндағы фильм ұсынылып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық қасиеттер мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға басымдық берілді.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың ой-толғамдары мен көзқарастары тыңдалды. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетін арттырып, қоғамдық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1205258?lang=kk

Жауап қалдыру