Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының XXXV сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті. Жиында қала дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын және тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер қаралды.

 

https://www.facebook.com/100041092330077/videos/pcb.1800769374636123/1540742767652248?locale=ru_RU

Күн тәртібінде 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Жоба қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз етуге, инфрақұрылым нысандарын дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және ветеринария, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, тұрғын үй, цифрландыру басқармалары басшыларының есептері тыңдалып, олардың қызметінің тиімділігі мен алдағы міндеттері жан-жақты талқыланды.
Әлеуметтік блоктағы мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын жаңарту мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекіту мәселелері қаралып, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға басымдық берілді.
Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсынылған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, нақты ұсыныстар мен ескертулер ескерілді. Тиісті шешім жобалары Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1206527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді