
Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың мәжілісі өтті.
Жиынға мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және ветеринария, цифрландыру, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, тұрғын үй басқармаларының атқарылған жұмыстары бойынша есептер тыңдалды.
Депутаттар тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық бақылауды күшейту және цифрлық даму, жасанды интеллект, интернет сапасын арттыру, мәдени нысандардың қолжетімділігін арттыру, тұрғын үймен қамту шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
Аталған мәселелер алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарауды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1206502?lang=kk

Жауап қалдыру