
Ұлытау облысының Әділет департаменті «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау аясында белсенді түрде жұмысын жалғастыруда.
17.04.2026 ж. Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өңірді көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу шарасы өткізілді.
Аталған іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау қағидаттарын насихаттауға бағытталған.
«Бүгінгі тазалық – ертеңгі аманат! Таза Қазақстан өзімізден басталады!»
Ұлытау облысының Әділет департаменті алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1205578?lang=kk

Жауап қалдыру