
17.04.2026 ж. 10-00 сағ. Ұлытау облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына қабылдау мәселелері бойынша түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Ербол Жакангерович Байгазиев қатысып, департамент қызметкерлеріне магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері және Академияның білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Семинар барысында қатысушыларға қабылдау науқанының негізгі ерекшеліктері, оқу шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және мансаптық даму мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1205566?lang=kk

Жауап қалдыру