Ясауи кесенесі маңындағы оқиға: полицейлер жоғалған турист баланы іздеп тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген. Серуен барысында оның 6 жасар ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүрген кезде жоғалып кеткен.
Баласын өз бетінше таба алмаған азамат дереу туристік полиция қызметкерлеріне жүгінді.
Полицейлер арыз түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, іздестіру шараларын бірден ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын және жақын маңдағы аумақтарды толық тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағытын анықтады. Сонымен қатар жақын маңдағы нысандар, оның ішінде сауда орындары тексеріліп, патрульдік жасақтарға нақты бағыт-бағдар беріліп, үйлесімді жұмыс жүргізілді.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде балақай бірнеше сағат ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.
Шетелдік азамат полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігіне алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1206468?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді