«Заң әлеміне саяхат: жас буынның құқықтық сауатын арттыруға бағытталған қадам»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Айқын нәтиже» жобасы аясында аудан мектептерінде 3–4 сынып оқушыларына арналған «Заң әлеміне саяхат» атты танымдық викторина ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 700-ден астам оқушы қатысып, өз білімдерін сынап, құқықтық сауаттарын арттыруға мүмкіндік алды.

Викторинаның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына заң, құқық, міндет және жауапкершілік туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың азаматтық санасын дамыту. Іс-шара барысында қатысушыларға жас ерекшеліктеріне сай дайындалған қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды.

Оқушылар құқықтық жағдаяттарды шешіп, түрлі ойын форматындағы тапсырмалар арқылы өз ойларын жеткізіп, белсенділік танытты. Викторина барысында балалардың тек білім деңгейі ғана емес, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығы да сынға түсті.

Мұғалімдердің айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның заңға деген құрметін арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті ерте жастан түсінуге ықпал етеді.

«Заң әлеміне саяхат» викторинасы – оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе алаңы болып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1205877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді