Заң мен тәртіп – алдын алудан басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы жүйелі әрі күнделікті жұмыс қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіз орта қалыптастырады. Қоғамдық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпау қажет.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді. Ерекше назар жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де аударылды. Себебі жолдағы қауіпсіздік – барлық қатысушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Түсіндіру жұмыстары барысында жаяу жүргіншілерге олардың да жол қозғалысының толыққанды қатысушылары екені және белгіленген ережелерді сақтауы тиіс екені ескертіледі. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері негізгі талаптар мен сақтық шаралары қарапайым тілмен түсіндірілген ақпараттық жадынамалар таратады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1205449?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді