«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж. Жуминнің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Атқарушылық іс жүргізулер бойынша іс санаттарының дұрыс көрсетілуі және оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің прокурорлары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандары, сондай-ақ Маңғыстау облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында атқарушылық іс жүргізу шеңберінде іс санаттарын дұрыс айқындау, оңайлатылған іс жүргізу тәртібін тиімді қолдану, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құқықтық нормаларды бірізді қолдану, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және атқарушылық өндірістің тиімділігін арттыру бағытында пікір алмасып, нақты ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді