
Еңбек қызметі барысында қызметкерлердің дірілмен (вибрация) тікелей байланыста болуы денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Діріл – бұл механикалық тербелістер, олар адам ағзасына физикалық фактор ретінде әсер етіп, «діріл ауруы» деп аталатын кәсіптік дертке әкеледі.
Дірілдің адам ағзасына әсері:
- Жергілікті діріл: Қол құралдарымен (перфоратор, бұрғы, ара) жұмыс істегенде туындайды. Бұл қолдың қанайналымының бұзылуына, сезімталдықтың жоғалуына және буын ауруларына әкеледі.
- Жалпы діріл: Көлік құралдарын басқару немесе ауыр техникада жұмыс істеу кезінде бүкіл денеге әсер етеді. Бұл омыртқа жүйесінің, вестибулярлық аппараттың және ішкі мүшелердің жұмысын бұзады.
Алдын алу шаралары:
- Техникалық бақылау: Діріл деңгейі жоғары жабдықтарды үнемі тексеріп, техникалық қызмет көрсету.
- Жеке қорғаныс құралдары: Дірілге қарсы арнайы қолғаптар мен аяқ киімдерді пайдалану.
- Жұмыс режимі: Жұмыс пен демалыс уақытын қатаң сақтау, дірілмен байланысты жұмыс ұзақтығын шектеу.
- Медициналық тексеріс: Қызметкерлерді міндетті түрде жыл сайынғы медициналық қарап-тексеруден өткізу.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтауға және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1206176?lang=kk

Жауап қалдыру