
2026 жылдың 30 сәуірінде Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департамент басшысының орынбасары С.С. Булебаев Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мүшелерімен зум кеңес жүргізді.
Тақырыбы:
• Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының №15 қосымшасының талаптарын сақтау “сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі.
• МӘС-ке негізсіз бағытталғандарды талқылау.
• Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 168, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 56, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 292/НҚ “Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы” бірлескен бұйрығын түсіндіру “мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау” қызметтері сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша (бірлескен бұйрық).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1205375?lang=kk

Жауап қалдыру