
2026 жылдың І тоқсанындағы кадр жұмысының қорытындысы:
ШҚО ПД-да тәртіп пен тәлімгерлік басымдықтары айқындалды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манаповтың төрағалығымен Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліністерінің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметін қорытындылауға арналған жедел кеңес өтті.
Кеңес барысында есепті кезең қорытындысы бойынша өңірде кадрлық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалатыны атап өтілді: бос лауазымдар саны азайып, жеке құрамның тұрақсыздығы төмендеген, сондай-ақ бөліністерді жасақтау бойынша жұмыс тиімділігі артқан.
Сонымен қатар, қызметтік тәртіпті нығайту және тәлімгерлік институтын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жас қызметкерлерді сүйемелдеу, олардың бейімделуі және қызметтегі бірінші жылында кәсіби қалыптасуы бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігі баса айтылды.
Патриоттық тәрбие мен жастар бастамаларын дамытуға ерекше екпін берілді. Қазіргі уақытта облыста 400-ден астам оқушы білім алатын 25 «Жас сақшы» полиция сыныбы бар. Бұл сыныптарға соғыс батырлары мен қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің есімдері берілуде. Жақында Катонқарағай ауданында жаңа «Ерлік бұрышы» ашылды.
Ұрпақтар сабақтастығы тәрбие жұмысының маңызды элементі болып қала береді. Кеңеске ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев қатысып, антқа адалдық пен қызметтік борыштың маңыздылығын атап өтті.
«Тиімді кадр саясаты, тәртіптің жоғары деңгейі және дамыған тәлімгерлік жүйесі — ішкі істер органдарының беделін арттыру мен өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі шарттары», — деп түйіндеді полиция полковнигі Серік Манапов.
Пресс-служба ДП ВКО

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1206910?lang=kk

Жауап қалдыру