
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысының Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты.
Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту шаралары қаралды.
Уәкілдің өкілі балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және өңірдегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Абай облысында өскелең ұрпақтың заңды мүдделері мен қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін барлық уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктірудің және жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1207147?lang=kk

Жауап қалдыру