
Ағымдағы жылдың 23 сәуірде Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың өңірлік орталығына барды.
Омбудсмен өкілі осы орталықта балалардың тұру, оқу жағдайларына мониторинг жүргізді. Орталықтың қуаты 70 төсек-орынды құрайды, қазіргі уақытта орталықта 69 бала бар.
Жұмыс кездесуі аясында орталық қызметінің қолда бар қиындықтарына қатысты мәселелер талқыланды, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары балалардың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1206886?lang=kk

Жауап қалдыру