
Астанада Өңірлік экологиялық саммит басталды
Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) жұмысын бастады.
Іс-шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов келді.
ӨЭС жұмысы мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым басшыларының қатысуымен пленарлық отырыстан басталды.
Сонымен қатар маңызы жағынан ауқымды саммитке БҰҰ агенттіктерінің, жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК және т.б.) және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі) өкілдері қатысып жатыр.
Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1206663?lang=kk

Жауап қалдыру