АУДАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Осы бағытта аудан аумағында абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, орталық көшелер, саябақтар мен аллеялар біржылдық гүлдермен көмкеріліп, ауданның көркін арттыруға басымдық берілуде.
Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жүйелерін тиімді ұйымдастыру және жаңа көшеттер отырғызу жұмыстары тұрақты бақылауда. Аудандағы көгалдандыру деңгейін арттыру мақсатында Темірлан абаттандыру мекемесі тарапынан кешенді шаралар қабылдануда.

Бұдан бөлек, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және тазалықты сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, бүгінгі таңда аудан аумағында 32 600 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 120 мың дана гүл егілген.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1206592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді